Америка Сауда палатасы өкілдерінің жұмыс сапары

82

Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша сауда миссиясы қарсаңында Ақтау теңіз сауда портына Қазақстандағы Америка Сауда палатасының атқарушы директоры Джефф Эрлих бастаған делегация келді.

Порт тарапынан кездесуге Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даурен Құтпанбаев қатысып, қонақтарға кәсіпорынның негізгі қызмет бағыттары мен логистикалық әлеуетін таныстырды.

Сапардың мақсаты – ағымдағы жылдың қыркүйек айында өтетін, 15 америкалық компания қатысатын Дөңгелек үстелге дайындық жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ ынтымақтастықты дамыту мен аймаққа инвестиция тартуға ықпал ету.

Surce:https://www.facebook.com/profile.php?id=100057620924343

Facebook Comments Box