Ақтау халықаралық теңіз сауда портына Қытайдың China Merchants Group (CMG) корпорациясының делегациясы келді.
Сапар Қазақстанның логистикалық әлеуетімен танысу және ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау аясында өтті.
Бағдарлама барысында қонақтар порттың негізгі нысандарын аралап көрді. Олардың қатарында айлақтар, инфрақұрылым және салынып жатқан контейнерлік хаб аумағы бар.
China Merchants Group (CMG) – 1872 жылы құрылған Қытайдың ең ірі мемлекеттік корпорацияларының бірі. Компания логистикаға, порттық инфрақұрылымға, теңіз тасымалына, сондай-ақ қаржы және өнеркәсіп секторларына белсенді түрде қаржы салады. CMG ауқымды халықаралық жобаларды жүзеге асырып, жаһандық көлік тізбектерінде маңызды орынға ие.
Facebook Comments Box












