ҚМГ басшысы Кендірлідегі теңіз суын тұщыту зауытының құрылысын тексерді

28

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Кендірлі аймағындағы теңіз суын тұщыту зауытының құрылысын тексерді.

Бүгінде инженерлік инфрақұрылым нысандары бойынша негізгі жұмыстар, оның ішінде 40 км автожол, сорғы станциясы, екі қосалқы станция құрылысы, 201 км магистральды су құбырын төсеу, тіректерді монтаждау, 80,1 км электр беру желілерін орнату және 48,1 км газ құбырын салу аяқталды. Сондай-ақ аумақты абаттандыру және сыртқы құбырларды жылумен оқшаулау жұмыстары бітті.

ҚМГ басшысына зауыт аумағында әкімшілік-тұрмыстық аймақ пен теңіз суын тұщыту цехының ғимараттарын монтаждау аяқталғаны туралы есеп берілді. Басты технологиялық жабдықтар жеткізілді және қосалқы ғимараттар мен нысандар салынып бітті: жөндеу-механикалық цех, гараж, қоймалар, зертхана, реагент шаруашылығы, өрт сөндіру бекеті мен қазандық.

Жобаның теңіз бөлігі бойынша ерітіндіні төгетін 2 желінің полиэтилен құбырларын дәнекерлеу және теңіз түбіндегі траншеяға салу жұмыстары толық аяқталды. Бұл құбырлардың ұзындығы 817 қума метр, диаметрі 800 мм бетон ауырлатқышы бар. Су қабылдайтын полиэтилен құбырларын дәнекерлеу жұмыстары аяқталды. 2 желінің диаметрі 1400 мм, ұзындығы 730 қума метр бетон ауырлатқыштары бар. Олардың біреуі теңіз түбіндегі траншеяға салынған.

Жалпы, технологиялық жабдықты монтаждау және аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын.

Су тұщыту зауыты теңіз суын тиімді тазартуға мүмкіндік беретін заманауи көп сатылы су тазарту жүйесімен жабдықталған. Бұл процесте әлемдегі жетекші өндірушілердің соңғы технологиялары қолданылады: Dupont (ультрафильтрация), Energy Recovery Inc (энергия қалпына келтіргіштер), Fluytec (өзін-өзі тазартатын сүзгілер), Toray (мембраналар), Nijhuis (флотациялық қондырғылар), Duchting және Andritz (сорғылар), Grupoppa (реминерализация) және Schneider Electric (автоматтандыру).

Қуаты тәулігіне 50 мың текше метр болатын жаңа зауыт Жаңаөзен тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етеді. Бұдан басқа нысан «Астрахань-Маңғышлақ» магистральды су құбырына жүктемені азайтуға мүмкіндік береді және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады.

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2025 жылдың мамыр айының соңына жоспарланған.

Source:https://www.facebook.com/kazmunaygaspress

Facebook Comments Box