ҚР Энергетика министрлігі, ҚазМұнайГаз және CNOOC «Жылыой» жобасы бойынша барлау мен өндіру жөніндегі келісімшартқа қол қойды

8
DCIM100MEDIADJI_0150.JPG

Бүгін Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) және CNOOC Hong Kong Holding Limited (CNOOC Limited-тің еншілес компаниясы) Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің транзит аймағында орналасқан «Жылыой» күрделі жобасы аясында көмірсутектерді барлау мен өндіру жөніндегі келісімшартқа қол қойды. 

Құжатқа Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, ҚМГ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев, және CNOOC Hong Kong Holding Limited атынан CNOOC Limited вице-президенті Лю Юнцзе қол қойды.

Бұл іс-шара Қазақстан мен Қытай арасында мұнай-газ саласындағы стратегиялық серіктестіктің дамуының маңызды кезеңін айғақтайды. Қытайдың ірі CNOOC компаниясы Қазақстанға алғаш рет инвестиция құйып, оны геологиялық барлау жобаларынан бастап отыр.

Серіктестік «Жылыой» геологиялық барлау жобасын 50/50 тепе-тең талаптармен бірлесіп іске асыруды көздейді. Барлау кезеңін CNOOC қаржыландыратын болады. 

Жоспарланған геологиялық барлау жұмыстарының минималды бағдарламасы мыналарды қамтиды: 
— 3D сейсмикалық барлау (дала жұмыстары, 400 шаршы км деректерін өңдеу және талдау)
— 2D 400 бойлық км тарихи деректерді қайта өңдеу 
— 2000 м тереңдікте бір тұзүсті барлау ұңғымасын бұрғылау (тәуелсіз кезең)
— 3D сейсмикалық барлау деректерінің нәтижелеріне қарай тереңдігі 4500 м бір тұзасты барлау ұңғымасын (тәуелді кезең) бұрғылау.

Анықтама: 
CNOOC (China National Offshore Oil Corporation) — барлау мен өндірумен айналысатын мұнай-газ саласындағы әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі. Ол халықаралық серіктестермен белсенді ынтымақтастық орнатып, 20-дан астам елде ірі жобаларды іске асыруға атсалысады.

Source:https://www.kmg.kz/

Facebook Comments Box