Ақтау портындағы тереңдету жұмыстарын 2025 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда
Қазақстандағы Ақтау портының акваториясында Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту үшін түбін бір жарым-екі метрге тереңдету туралы шешім қабылданды, деп хабарлады ҚР Көлік министрлігі.
Жұмысты жүзеге асыру үшін бельгиялық Jan de Nul компаниясының техникасын пайдаланбақшы.
Тереңдету жұмыстары 2025 жылдың төртінші тоқсанында аяқталады деп күтілуде.
Қазіргі уақытта теңіз деңгейінің төмендеуіне байланысты танкерлерге аз жүк тиелуде. Бұған дейін Ақтау халықаралық теңіз сауда портының басқарма төрағасы Абай Тұрікпенбаев мәлім еткендей, «12 мың тоннаның орнына 10 мыңға жуық жүк тиелуде».
Бүгінде Ақтау портының өткізу қабілеті шамамен 15 миллион тонна жүкті құрайды, оның ішінде 140 мың ДФЭ.
2024 жылдың қараша айында Құрық портында тереңдету жұмыстары аяқталды. Акваторияның тереңдігі 7 метрден 8 метрге дейін ұлғайтылды.
Дереккөз:https://kazlogistics.kz/