Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күнін мерекелеуге арналған салтанатты шараны ұйымдастыру жөніндегі кеңес

13

Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күнін мерекелеуге арналған салтанатты шараны ұйымдастыру жөніндегі кеңес

2025 жылғы 5 маусымда Көлік Министрлігінің Темір жол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Жұмаұлы Тайжановтың төрағалығымен өткен “Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күнін мерекелеу жөніндегі” кеңестің хаттамасын орындау мақсатында, бүгін Теңіз әкімшілігі кеме және айлақ иелері компанияларының өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңес барысында салтанатты шараны өткізу жоспары талқыланды. Жиынға қатысушылар мерекелік бағдарламаның мазмұны, ұйымдастыру іс-шаралары, қауіпсіздік пен логистика мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар, сала ардагерлерін марапаттау, қызметкерлерді ынталандыру, мәдени және спорттық іс-шаралар өткізу ұсынылды.

Теңіз әкімшілігі аталған мерекенің кәсіби мерекелер қатарындағы маңыздылығын атап өтіп, оны жоғары деңгейде ұйымдастыруға күш салатынын жеткізді.

Source:https://www.facebook.com/map.aktau.bautino

Facebook Comments Box