Портта терроризмге қарсы жаттығулар аяқталды

12

Портта терроризмге қарсы жаттығулар аяқталды

Екі күн ішінде Ақтау теңіз портының аумағында террористік сипаттағы қатерлер туындаған кезде персоналдың іс-әрекеттері бойынша профилактикалық және оқу іс-шаралары өтті.

Оқу-жаттығулар «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындау мақсатында ұйымдастырылды және қоғамның барлық бөлімшелерінің, күзетшілердің және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтті.

Практикалық бөлім барысында келесі кезеңдер пысықталды:

🔹жарылғыш құрылғыны салу мүмкіндігі туралы ақпараттың түсуі;

🔹ғимараттар мен аумақты тексеру;

🔹қызметкерлерді эвакуациялау және дабыл беру;

🔹ықтимал қауіпті учаскелерді бұғаттау;

🔹құқық қорғау және арнайы қызметтермен өзара іс-қимыл;

🔹қызметкерлерді қауіпсіз аймаққа тасымалдау;

🔹мемлекеттік органдардың өкілдерімен қорытынды шығару.

Мұндай іс-шараларды өткізу персоналдың дайындық деңгейін арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және ықтимал штаттан тыс жағдайларға уақтылы ден қоюға бағытталған

Source:https://www.facebook.com/profile.php?id=100057620924343

Facebook Comments Box