CMEC компаниясы делегациясының Ақтау теңіз портына сапары

63

Бүгін Ақтау халықаралық теңіз сауда портына Қытай машина жасау инжинирингтік корпорациясының China Machinery Engineering Corporation (CMEC) делегациясы таныстыру сапарымен келді.

Кездесу барысында делегация өкілдері порттың қызметімен, оның инфрақұрылымымен және логистикалық мүмкіндіктерімен танысты, сондай-ақ халықаралық жобалар аясындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

CMEC – инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыруда халықаралық тәжірибесі мол қытайлық жетекші инженерлік компаниялардың бірі. Компания sinomach корпорациясының құрамына кіреді және энергетика, машина жасау, көлік және құрылыс саласындағы жобаларды қоса алғанда, әлемнің 150-ден астам елінде қызмет атқарады.

Source:https://www.facebook.com/profile.php?id=100057620924343

Facebook Comments Box